«Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасының концепциясын жүзеге асыруға арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес, «ТЫНЫШТЫҚ АУМАҒЫ» және «МЕНІҢ ІШКІ ҚОРҒАНЫМ» тақырыбында тренинг жаттығулар жүргізілді.
Тренингтің мақсаты: Жасөспірімдердің өміршеңдігі мен стресске төзімділігін дамытуға ықпал ету, құндылық бағдарларын қалыптастыру, деструктивті ықпалдарға қарсы тұра білу қабілетін арттыру және экстремистік ұйымдарға теріс көзқарас қалыптастыру. Сонымен қатар қатысушыларға табысты өзін-өзі жүзеге асыру үшін ішкі ресурстарын ашуға және қиын өмірлік жағдайларды еңсеруге қажетті жеке қасиеттерді дамытуға көмектесу.











