Пәні: Химия
Сыныбы: 8
Пән мұғалімі: Муталипова Сымбат Борашовна. Сабақтың мақсаты: Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау.
Оқушылар адасқан әріптерден металл мен бейметалдарды атап, #2 көрсетілім көріп, реакция теңдеулерін жазды. Металдың сумен әрекеттескенде жылу мен газ бөлінетінін тәжірибе жасап көрді.
“Ата-анаға құрмет” құндылығы бойынша оқушылар ата-аналарына қоңырау шалып, жақсы көретіндіктерін айтты.