Мектебімізідің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Жадыра Болатбекқызы Қостанай облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруыменөткен «Шығармашыл бастауыш сынып мұғалімі» сайысынан жүлделі екінші орын иегері атанды.
Үш кезеңдік критериймен бағаланған сайыста Жадыра Болатбекқызы өзінің ешкімге ұқсамайтын әдістемелік бай кейсімен бөлісті. Таныстыру кезеңінде өзінің ұстаз мамандығын бала жастан таңдағанын көрініс арқылы көрсетсе, екінші постерлік таныстырылым барысында өзінің әдістемелік зерттеу тақырыбы «Жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушы ынтасын қалай арттыруға болады?» бойынша жұмыстарына саяхаттатып , жинақтап жатырған бағдарламалары туралы өзінің кереметі тәжірибесімен қатынасушылар мен қазылар алқасын таң қалдырды. Ал үшінші «шебер сынып» көрсету кезеңінде оқушыны оқытудағы, бағалаудағы бай әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы оқушының зейінін оқуға қалай шоғырландыратыны туралы керемет өз шығармашылығын көрсетті. Біз, әкімшілік және ұстаздар ұжымы әріптесімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, ұстаздық зерттеулеріңіз әрқашан шығармашылық шыңына шығарсын деген тілек айтамыз. Осыған қоса, өз әріптестерін қолдауда ерекше көзге түскен бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігінің ынтымақтастығына алғыс айтамыз.