"Қостанай ауданы білім бөлімінің Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ

қ.Тобыл, Водник шағын ауданы,27/2

КГУ "Школа-гимназия имени Нуржана Наушабаева" отдела образования Костанайского района (с пришкольным интернатом)" Управления образования акимата Костанайской области

г.Тобыл, мкр Водник, 27/2

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары — КӨРУ

ТАҚЫРЫП: «5Асыл іс» мектебінің «Біртұтас тәрбиедегі» ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие
жұмысы:
МИССИЯСЫ: Еңбекқор, талапты, терең ойлайтын, қанағатшыл, әр кезде рахым жасай алатын, білімді, тәрбиелі ортада жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адал, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел
бірлігін сақтауға, отаншылдық пен елжандылыққа, талапшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, т а н ы м д ы ж о ғ а р ы л а т у ғ а , абыройлы болуға, ар-ұждан, терең ойлай білуге,
қанағатшыл болуға, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, рахымшылдық пен әділдік, қасиеттерін жоғары ұстауға баулу
және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу
және еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын
бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
2. Отаншыл, елжанды, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын
қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілік талаппен қарайды, әдепті және рахымды, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет,
үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, қанағатшыл болады, тереңінен ойлай алады, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді,
эмоционалды жай-күйін басқарады.
5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті
жоғары бағалайды.
Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП, ЕҢБЕК; ТЕРЕҢ ОЙ; ҚАНАҒАТ;РАХЫМ
Ұлттық мүдде құндылығы:
— Қазақстан мемлекетінің Заңдарындағы талапты басшылыққа алу;
— Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу, аянбай еңбек ету;
— Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
— Қазақ тілінің қолдану аясында талап қоя алады;
— Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
— Қоғам игілігі үшін қызмет етеді, қанағат пен төзімді өзіне дос ете алады.;
— Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;
— Ұлттық мәдениетті дәріптеу;
Күтілетін нәтижесі:
— Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, рақымшыл
— Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді
— Елінің тарихына терең еніп, құрметтейді
— Еңбекті жоғары бағалайды
— Кәсіп түрін ерте жастан таңдай алады
— Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптеуді тереңінен ойлайды
— Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары, басқалардан да талап ете алады
Ар-ұят құндылығы:
Академиялық адалдық қағидатын қолдау;
— Адал еңбекті құрметтеу;
— Сөзіне берік, ісіне адал болу;
— Халқына адал қызмет және еңбек ету
— Әдеп нормаларын ұстану, басқадан да талап етуді біледі;
— Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, қанаға;
— Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік, рақымшылдық таныту;
— Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезінеді, тереңінен ойлайды.
Күтілетін нәтижесі:

— Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды, қанағатшылдықты басшылыққа алады;
— Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
— Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;
— Достарын, сыныптастарын сыйлайды;
— Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, әлсізге рақымшылық жасайды.
Талап құндылығы:
— Сыни және креативті ойлау;
— Жеке және командаменжұмыс істей білу;
— Білуге, жаңаны тануға терең оймен құштар болу;
— Физикалық белсенді болу;
— Салауатты өмір салтын ұстану;
— Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;
— Дұрыс қарым-қатынас орната білу;
— Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.
Күтілетін нәтижесі:
— Жан мен тән тазалығын сақтауда өзіне талап қоя алады;
— Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;
— Қоршаған орта тазалығын сақтайды, еңбекті қадірлейді;
-Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;
— Ізденімпаз, жасампаз тұлға.
Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:
Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде:
— баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету;
— баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру;
— баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылады.
Ұсынылады:
— бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері
мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;
— балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;
— балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;
— балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс
ойындарын, спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх