“Жас ұлан” ұйымы 1”Б” сыныбында “Кім тапқыр?” атты интеллектуалды ойын өткізді.
Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт — дәстүрін, әдеп — ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Аға тәлімгер: Төкен А.Б.