Мектебімізде “Адалдық дүкені” жұмыс жасайды. Ал, «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады. Яғни, кез-келген оқушы сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады. Осындай дүкен мектебімізде бүгінде жұмысын жалғастыруда. Жауапты: мектебіміздің “Жас Ұлан” ұйымы, аға тәлімгер: Төкен А.