Бүгін мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында:
-мектебіміздің директоры Алимова А.Е. ағымдағы мәселелерге тоқталып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді;
-аудандық орталық аурухананың педиатр-дәрігері “Қызылшаның алдын алу” тақырыбы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, осы тақырып бойынша ата-аналардың сұрақтарына жауап берді;
-сыныптың білім сапасы, мектеп ережесін сақтау мәселелері бойынша әр сыныпта ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.