Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Қостанай қаласы, Балалар шығармашылық үйінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы полковник Р.Ф.Камаловтың қатысуымен мектептегі төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлер кеңесіне өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, 9 “А” сынып оқушысы Серікбол Мансұр қатысып, мектебімізде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары жөнінде сөз қозғады.