Бүгін мектебімізде болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу мақсатында 5-7 сынып ұл балалары арасында “Бала сұлтаны” байқауы ұйымдастырылып, барлық оқушылар үлкен дайындықпен келгендері байқалды. Бірақ оқушылардың ішінен оза шыққан 5 “А” сынып оқушысы Жұмағазы Нұрасыл “Бала сұлтаны” байқауының жеңімпазы атанып 10000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Осы байқауға демеушілік көрсеткен қамқоршылық кеңесінің мүшесі Сержан Костаевичке алғыс айтамыз! Барлық қатысқан оқушыларға, қолдап келген ата-аналар мен көрермендерге рахмет!