Ағымдағы жылдың 27 қазанында мектебімізде бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтар жайлы түсінік беру, мектеп оқушыларының түрлі келеңсіз оқиғаларға бой алдырмауларын қалыптастыруда әкелердің жауапкершіліктерін арттыру мақсатында “ӘКЕ, СІЗ СҮРІНБЕҢІЗ, МЕН СІЗДІҢ АРТЫҢЫЗДАН ЕРІП КЕЛЕМ» атты тимбилдинг өткізілді. Тимбилдингке 7-11 сынып ер балалары мен әкелер, аталарымыз қатысты. Іс-шара барысында:
“Барыңды бағала!» тақырыбында мектеп оқушылары керемет қойылым қойды.
“Ұлттық құндылық» бойынша әкелерге де, оқушыларға да сұрақтар қойылып қонақтарымыз белсенді қатысты;
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында оқушылардың дайындаған бейнероликтері көрсетілді.
“Мектеп өміріндегі өзекті мәселелер” тақырыбы әкелермен бірге талқыланып, ол кісілердің ойларын, ақылдарын оқушыларымыз мұқият тыңдап отырды;
Іс-шара соңында мектебімізге келіп тәрбие сағатын өткізген әкелерге алғыс хаты берілді.
Әкелерден іс-шара бойынша кері байланыс алынып,
пән мұғалімдерінің жәрмеңкесі болды, яғни әкелер өз балаларының сабақ үлгерімі бойынша пән мұғалімдеріне жақындап сұрақтарын қоя алды.
Келген әкелерге, аталарға, ағаларға және оқушыларымызға көп рахмет дегіміз келеді!