2023 жылдың 10 қарашасы күні Нұржан Наушабаев атындағы мектеп- гимназиясында «Аманат» дебат пікірсайыс клубының жетекшісі Алимова Назгүлдің ұйымдастыруымен «BOLASHAQ» мектепішілік пікірсайыс турнирі өткізілді.
Бұл турнирдің мақсаты: пікірсайыс қозғалысын дәріптеу және қолдау, білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдындағы жауапкершіліктерін арттыруын, сыни ойлау қабілетін дамыту болды. Бүгінгі пікірсайыстың ерекшелігі, дебат клубы мүшелерінің тілегі бойынша мектептің жас мамандары мен оқушыларының арасында жүргізілгендігінде болып отыр.
Сондай- ақ, төрешілікке облыстық «Парасат» дебат клубынан қонақтар және аудандық білім бөлімінің әдіскері Асемгуль Серикбайқызы қатысты.
Өткізілген пікірсайыс ойынында мына төмендегідей қарарлар қарастырылды:
1.Өз балаларынан бас тарқан ата-аналарды,балалы болу құқығынан айырады.
2. БП ҚР-да неке шартын міндеттейді.
3. БП Балалардың арасындағы суицидтің көптігіне мектеп психологтарының кәсібилігі кінәлі д.е.
4. БП «Оян, қазақ!» сияқты фильмдердің романтизациялануына өкінеді
5. БП қазіргі таңдағы адамзаттың ең үлкен проблемасын көрсетеді.
6. БП 11 сынып оқушылары IELTS емтиханын тапсыру керек д. е.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша, 1 орынды 10- сынып оқушыларынан құралған команда «Зерде» команда мүшелері Әлім Жаннұр және Кенжебек Аружан, 2 орынды жас мамандардан құралған «Жігер» команда, оның мүшелері Жақсыбай Ерсұлтан және Төкен Әйгерім марапатталды. 3 орынды иеленген жас мамандар «Бүркіт» командасы, оның мүшелері Сапарғали Көркем және Абибуллаева Қарлығаш марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік спикер» номинациясын Жақсыбай Ерсұлтан иеленді. Алдағы уақытта да дебат пікірсайыс қозғалысы өз жұмысын жүзеге асыратын болады, ең бастысы пікірсайыстың оқушылардың ойлау қабілетін, сөз бастауын, ойын нақты жеткізе алуына бірден- бір себепші болатындығы сөзсіз!