«Досболайық» жобасы аясында қызықты сәттер!
Бүгін оқушылармен бірге ермексаз арқылы шығармашылық жұмыс өткізілді. Балалар өз қиялдарын еркін жеткізіп, түрлі бейнелер жасап, достықтың мәнін шығармашылық арқылы көрсете білді 🤝
Сабақ барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істеудің маңыздылығын түсінді. Мұндай жұмыстар балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосады 💫







