Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны қатаңдатуды талап етті.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 14 қыркүйекте сағат 11:30-да Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б.Закиева
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде есеп беру отырысына мектебіміздің директоры Алимова А.Е. қатысты.