“Код сағаты” әлемнің 180-нен астам елінде өткізілетін жаhандық қозғалыс. Код сағатының мақсаты – қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын ояту. “Код сағаты” информатика сабағында өткізіліп, мектептің 5-11 сынып оқушылары қатысты. “Код сағатында” оқушылар жасанды интеллектінің жұмыс істеу принциптерімен танысып, тапсырмаларды, сондай-ақ studio.code.org сайтындағы бағдарламалауға негізделген тапсырмаларды орындады. Тапсырма соңында әр оқушыға электронды сертификат берілді. “Код сағатын” информатика пәні мұғалімдері – Абишев А.Э., Мырзатаева С.С., Ескайырова М.С. өткізді.