Жас ұрпаққа сапалы білім беру сол елдің келешегінің кепілі екені ақиқат. Өйткені, экономиканы дамытатын білікті маманы болмаса, ол елдің болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Сондықтан білім саласын көтеру қашанда да бірінші орындағы мәселе болуы керек. Осындай ұстанымды ұстанатын Қостанай ауданының әкімі Таңжарықов Берік Қуанышұлы ағымдағы жылдың 6 ақпанында мектебімізді аралап, мектеп тынысымен танысты.