2024 ЖЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ РӘСІМІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ ХАТ
Кіріспе
Педагогтердің кәсіби қызметі үнемі жаңаруды және шеберлікті
жетілдіруді, тәжірибені дамытуды, құзыреттілік деңгейін арттыруды талап
етеді. Бұл мәселені шешудің маңызды құралдарының бірі – педагогтерді
аттестаттау.
Аттестаттаудың мақсаты: педагогтердің біліктілік деңгейінің
біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу немесе
педагогтердің кәсіби қызметін бағалау негізінде олардың атқаратын
лауазымдарына сәйкестігін растау.