2024 жылдың 14 ақпаны күні Нұржан Наушабаев атындағы мектеп- гимназиясында ақпан айының жұмыс жоспарына сай «Әдептілік (талап)» айы болғандықтан «Мұғалімнің әдептілігі талап па, әлде міндет пе?» деген айдармен пікрсайыс өткізілді. Пікірсайыс бұл жолы БПФ форматында жүргізілді. Пікірсайыстың осы форматта жүргізілуі оқушылардың қызығушылығын тудырды. Өз ойларын ортаға салған пікірсайысшылар, бірнеше фактілерді алға тартып, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293 «Педагог мәртебесі» туралы Заңына да тоқталып, талқылады. Пікірсайыс өте жоғары деңгейде жүргізілді.